«Студенттік көктем-2023»: Үздіктер анықталды

«Студенттік көктем-2023»: Үздіктер анықталды

Қостанай облысындағы техникалық және кәсіптік орта білім беру колледж студенттері арасында дәстүрлі XXVII “Студенттік көктем” байқауы ұйымдастырылды.

Дәстүрге айналған іс-шарада облысымыздың 30 колледжі бақ сынады. Жарыс жеңімпаздары әлеуметтік жоба, интелектуалды квест және фотокросс атты 3 конкурс бойынша анықталды. Нәтижесінде, әлеуметтік жобалар байқауында Қостанай ауылшаруашылық колледжі, интеллектуалды квест кезеңінде Қостанай политехникалық колледжі, фотокросс байқауында Рудный тау-кен технологиялық колледжі жеңімпаз атанды.

Мерекелік шара студенттердің шығармашылық нөмірлерінен құралған гала-концертпен аяқталды. Жарыс жеңімпаздарына жалпы жүлде қоры 380 000 теңге болатын арнайы сертификаттар табысталды.

Қаракөз МАҚАТОВА.

Жаңалықтармен бөлісу