Студент жастардың әлеуметтік әлеуетін дамытуға жағдай жасау – басты міндет

Студент жастардың әлеуметтік әлеуетін дамытуға жағдай жасау – басты міндет

Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады және оны іске асыруда болашақ мамандық иелері – студенттердің әлеуметтік жағдайын барынша қолайлы етіп, әлеуетін дамыту маңызды.

Себебі студент жастар – өз заманымен қатар қадам басатын, қоғамның алға басушы күші, олардың ішінен әртүрлі салада қызмет ететін тұлғалар қалыптасады. 2024-2025 оқу жылында облыстың жоғары оқу орындарында 18 850 адам оқиды.

Айта кету керек, Қостанай облысы жастар саясатын іске асыруға жауапты уәкілетті орган мен жоғары оқу орындары арасында тығыз ынтымақтастық берік орнаған өңірлердің бірі.
Жастар саясатын іске асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар студенттермен нашақорлық және есірткі қылмысы, қаржылық сауаттылық, лудомания және тағы да басқа тақырыптар бойынша әртүрлі форматтағы кездесулер, мәдени-танымдық іс-шараларды ұйымдастырады (пікірталас турнирлері, викториналар, квесттер, Жайдарман, түрлі спорттық іс-шаралар, экологиялық іс-шаралар).

Студент жастарды волонтерлік салаға тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізеді. Облыстың 6 жоғары оқу орны мен ІІМ-нің Академиясында 3 мыңнан астам адамды қамтитын волонтерлік қозғалыстар жұмыс істейді.

Жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында жыл сайын облыстық «Бос орындар жәрмеңкесі» өтеді. Іс-шараға өңірдің түкпір-түкпірінен ірі кәсіпорындар, мүдделі мемлекеттік ұйымдардың, барлық қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту орталықтарының өкілдері қатысады.
Жыл сайын 1000-ға жуық талапкерді қамти отырып, жоғары оқу орындарының, ТжКБ, мамандандырылған оқу орындарының қабылдау комиссияларының күндері өткізіледі, әлеуметтік желілерде өңірдегі ең сұранысқа ие мамандықтар туралы бейнероликтер әзірленеді.

Облыс жастарын біріктіру және жоғары оқу орындарында студенттік қозғалысты дамыту және ЖООаралық достық үшін Қоғамдық даму басқармасы жыл сайын «Студенттік көктем» фестивалін өткізеді, өткен жылы облыстың барлық жоғары оқу орнының студенттік қозғалысы жалпы сомасы 3 млн теңгеден астам қаржылай қолдау алды.

Студенттердің жазғы демалыс кезеңінде жастарды (оның ішінде ЖОО мен колледж студенттерін) маусымдық жұмысқа орналастыруға бағытталған «Жасыл ел» жобасы белсенді түрде іске асырылуда. Бұл жоба уақытша жұмыс орнын құрумен қатар, абаттандыру, орман алқаптарын құруға, сол арқылы Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсартуға, жастардың Отанға деген патриотизмін және туған өлкенің байлығына ұқыпты қарауын қалыптастыруға да ықпал ететіні анық.
Студенттерді әлеуметтік қолдау шараларының бірі – жатақханамен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда облыстың жоғары оқу орындарында 3258 орындық 13 жатақхана бар (Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ – 1404 орындық 4 жатақхана, РИУ – 720 орындық 2 жатақхана, АРгПИ – 476 орындық 2 жатақхана, КСТУ – 304 орындық 2 жатақхана, ҚИНЭУ – 100 орындық 1 жатақхана, ЧелГУ – 48 орындық 1 жатақхана).

Сондай-ақ, «Қаржы орталығы» АҚ мен «Сервис КСТ» ЖШС арасындағы келісім шартқа сәйкес Қостанай қаласында бұрынғы колледж ғимаратын 206 орындық «Студенттер үйі» ретінде қайта жаңарту жүргізілді. Осы объектінің баланс ұстаушысы заңды тұлға «Сервис КСТ» ЖШС болып табылады. Жатақханада жоғары оқу орындары мен колледждер студенттері тұрады.
Жергілікті атқарушы орган өкілдері азаматтық белсенділермен бірлесіп студенттердің жатақханалардағы орындармен және тұру жағдайларымен қамтамасыз етілуіне үнемі мониторинг жүргізеді.

Өңірдің жергілікті атқарушы органдарының жоғары білім беру жүйесін және жастар саясатын дамытуға кешенді көзқарасы – бұл білім мен жастардың өңірдің болашағы үшін маңыздылығын түсінуге негізделген стратегиялық пайымның көрінісі.
Бұл тәсіл студенттер мен жас мамандарға жақсы жағдай жасап қана қоймай, күшті, бәсекеге қабілетті және гүлденген аймақты құруға ықпал етері анық.

Әсел Құлмағамбет,

Қостанай облысы әкімдігінің

қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары

Жаңалықтармен бөлісу