AstanaHub 2018 жылдың 6 қарашасында құрылған Орталық Азиядағы ІТ-стартаптардың ең ірі технопаркі. Astana Hub қызметі ІТ-бизнес үшін эко жүйені құруға, ІТ саласындағы мықты мамандарды оқытуға және стартап жобаларды дамытуға бағытталған.
Бүгінгі таңда 1317 IT-компания AstanaHub-қа мүше, олар ақпараттық-білім беру, материалдық инфрақұрылым, бизнесті дамыту бағдарламалары, арнайы салық және визалық режимдерді алады.
Былтыр біздің қаламызда да AstanaHub филиалы, Qostanai Hub жұмысын бастаған болатын.
Қостанай хабының биылға арналған ауқымды жоспарлары бар. Қыркүйек айында өңірде алғаш рет Samsung инновациялық қалашығы ашылды. Бұл аймақтағы IT-қауымдастығы үшін дамудың жаңа белесі болмақ. Балаларға Java және Python тіліндегі бағдарламалау негіздерін үйрету жоспарланған. Сондай-ақ маусым айында базада Omnium компаниясымен бірге Қостанай облысында алғаш рет GameDev орталығы ашылды. Қыркүйекте «Tech Orda» бағдарламасы бойынша компьютерлік ойындарды жасау және оларды имитациялау курстары да қолданыла бастады. Startup Garage инкубациялау бағдарламасы іске қосылды. Қостанай облысынан оған 17 өтініш берілген. Бүгінгі күні стартап мәдениетін насихаттау аясында ақпан айында жүлде қоры 250 000 теңге болатын Winter Pizza Pitchby Qostanai Hub өткізілді. Алдағы уақыттарда түрлі жоспарлар жүзеге аспақшы.
«Қараша айында QostanaiFest-ті өткізуді жоспарлап отырмыз. Мыңнан астам қатысушыны IT-компаниялар аллеясы және өздерінің MVP-тері бар стартаптар, Қостанай облысындағы цифрлық саладағы барлық ойыншылардың басын біріктіреді, машина жасау, ауылшаруашылығы секторы және шығармашылық салалардағы панельдік сессиялар да өтеді. Сондай-ақ, үздік стартаптар мықты жоба атағына таласатын Qostanai Idea Battle өтеді. Біз бұл іс-шараны Қостанай облысының ІТ қауымдастығы үшін жыл сайын өткізіп тұрғымыз келеді», – дейді AstanaHub аймақтық менеджері, QostanaiHub бас директоры Дамир Мнайдаров.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА