Спортшыларымыз таяуда Түркияға аттанады

Спортшыларымыз таяуда Түркияға аттанады

Алдағы наурыз айында Түркияның Эрзурум қаласында қысқы Сурдлимпиада ойындары өтеді.

Осы жарысқа Қазақстан Ұлттық құрама командасының құрамында өнер көрсететін жерлестеріміз Балжан Жұмағазиева мен Алмаш Нүсерова жолдама алды. Онда 30 елден 500-ден астам қатысушы спорттың тау шаңғысы, шаңғы жарысы, керлинг, шахмат, сноуборд және футзал түрінен сынға түскелі тұр.

 “Біз бұл жарыста шахматтан жарысамыз.15-28 ақпан аралығында Алматы облысындағы «Ақ бұлақ» олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиынында болдық. Біздің елімізден ойындарға шаңғы жарысы, сноуборд және шахматтан 26 спортшы қатысады”, – дейді Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері.

Бұл ойындар наурыздың 2-12 аралығына жоспарланып отыр. Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы ойындар 2019 жылы Сондрио қаласында (Италия) спорттың 6 түрінен 36 медаль жиынтығы ойналды.

 

Жаңалықтармен бөлісу