Спорт саласының үздіктері марапатталды

Спорт саласының үздіктері марапатталды

Еліміз бойынша тамыз айының әр үшінші жексенбісінде спорт күні атап өту дәстүрге айналған. Мереке қарсаңында Достық үйінің концерт залында Қостанай облысының спорт ардагерлеріне салтанатты құрмет көрсетілді.

Спорт саласының қызметкерлеріне өскелең ұрпақты тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттауда жемісті еңбегі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

–Құрметті спорт саласының қызметкерлері мен ардагерлерін мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Спортшыларымызға әрдайым жарыстарда жанкүйер боламыз. Олардың жеткен жетістіктері мен жеңістерімен мақтана отырып, жастарға үлгі етеміз. Өңірде спорт нысандарының қатары кеңейе түсуде. Қазіргі уақытта Қостанай облысының он өңірінде дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Алда хоккей кортын салу жоспарлануда. Таяуда Заречный ауылында спорттық жабық манежі есігін айқара ашады. Бұның барлығы спортшылар мен жаттықтырушылардың игілігі үшін жасалуда. Дендеріңіз сау болсын, алдағы уақытта жеңістеріңіз жалғаса берсін, – деді дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мұрат Кинтонов.

 

Сондай-ақ, мәдениет және спорт министрлігінің атынан облыста спортты дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі табысталды. Төсбелгі таққандардың қатарында Қарасу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Сауытпаев та бар.

 

Ол спорт саласында дене шынықтыру мұғалімі, еркін күрестен жаттықтырушы болған.  бүгінде көп жылғы елініп, Қарасу ауданында спорт бөлімін басқарады.

–Бұндай марапаттар одан әрі жұмыс істеуге шабыт береді. Спорт саласында қарасу ауданын қаражат жеткілікті. Біздің ауданның марапаты – дейді төсбелгі иегері М. Сауытпаев.

Әсел ҚИБАШ

Суреттерді түсірген Б. АХМЕТБЕКОВ

Жаңалықтармен бөлісу