“Сіздің учаскелік полицей” акциясының қырағылығы: “Темір жол” ауданындағы тәртіп қалай?

“Сіздің учаскелік полицей” акциясының қырағылығы: “Темір жол” ауданындағы тәртіп қалай?

Қостанай қаласына қарасты “Темір жол” әкімшілік аумағында қалай өтіп жатқаны туралы учаскелік полицей Виталий Воронин полиция капитаны бұл аймақта бес жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Жергілікті тұрғындарды жақсы біледі және “Сіздің учаскелік полицей” акциясы кезінде алаяқтықтың алдын алуға көп көңіл бөледі.

– Осы іс-шара барысында учаскелік полиция қызметкері визит карталарын тарату және отбасылық – тұрмыстық қатынастар, ұсақ бұзақылық, спирттік ішімдіктер тұтыну, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру және т.б. саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізу үшін пәтерлерді, жеке үйлерді аралайды, – деп түсіндіреді учаскелік полиция қызметкері.

“Теміржол” әкімшілік аумағында 18 мыңнан астам адам тұрады. Бір учаскелік полицей күніне 30-дан астам пәтерді аралап өтеді. Мәселен, өткен аптада мұнда 14 құқық бұзушылық анықталды. Қоғамдық орындарды ластау және спирттік ішімдіктер ішу секілді бұзушылықтар жиі кездеседі. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 6 қорғаныс ұйғарымы шығарылған.

Айтпақшы, әкімшілік аумақта “Қауіпсіз аула”жүйесі бойынша орнатылған камералар бар. Олардың көмегімен 6 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелгенін айта кетейік.

– Біз алаяқтықтың алдын алуға ерекше назар аударамыз. Халыққа, әсіресе, қарт адамдарға қырағы болу қажеттігін түсіндіреміз. Егер мұндай жағдай орын алса, дереу полицияға хабарласуды ұсынамыз, – дейді Виталий Воронин тағы бір мәлімдемесінде.

Учаскелік полицей бүгінде жеке аумақта құқықтық тәртіпті сақтау үшін жұртшылықпен серіктестік орнату маңызды екенін айтып отыр.

Осыған дейін “Сіздің учаскелік полицей!” республикалық акциясы шеңберінде облыстық учаскелік полицйлері 10 мыңнан астам визит картасын таратып, 500 мыңнан астам қалалық пәтерлер мен ауылдық жерлердегі 320 мың үйді аралады.

Облыстық полиция департаменті

Жаңалықтармен бөлісу