Қазгидромет қараша айында күн райы қатты суытататынын болжады.
Қазгидромет хабарламасынан қараша айында жылы және қатты суық күндер күтіп тұрғанын көруге болады. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, қар жаууы ықтимал. Жел күшейіп, боран, тұман, көктайғақ та болуы мүмкін.
Алғашқы он күнде ауа температурасы ккөтеріліп, республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында біршама жылы болжанып отыр.
Ал қарашаның екінші жартысында күн райы күрт суытып, аязға ұласады.
“Суық ауа массалары келгенде термометр бағаны ең салқын күндері төмендейді. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде -15-24°С-қа дейін, күндіз -7-12°С-қа дейін төмендейді. Батыс және оңтүстік өңірлерде түнде -3-15°С, күндіз 0, -7°С-қа дейін төмендейді. Қараша айында жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде қалыпты деңгейде болады деп болжанып отыр”, – деп хабарлайды Қазгидромет.