SIM-карталар сан соқтырды. Алаяқтар арбауына түскен қыз қылмысты деп танылуы мүмкін

SIM-карталар сан соқтырды. Алаяқтар арбауына түскен қыз қылмысты деп танылуы мүмкін

Қостанайда жас қыз алаяқтық схемасына қатысқаны үшін істі болды. Ол өз атына SIM-карталарды тіркеп, оларда WhatsApp қосымшасына тіркеген. Бұл үшін оған «жеңіл табыс» уәде етілген.

Дәл осындай SIM-карталардың бірі арқылы алаяқтар өзге өңірден 54 жастағы әйелдің 480 000 теңге ақшасынан айырған. Енді қыз қылмыстық істің мүшесіне айналды.

«Тергеу оның қылмыстық схема жайлы білген-білмегенін анықтап жатыр.  Алайда тіпті сіз «өтінішпен» немесе «сыйақы үшін» әрекет етсеңіз де жауапкершіліктен құтылмайсыз. Ешқашан күмәнді табыс үшін SIM-карталарды, банк немесе мессенджер аккаунттарын өз атыңызға тіркемеңіз! Сіздің деректеріңіз қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Салдарынан өзіңіз тергеуге ілігесіз. Басқаларды сақтандыру үшін бұл оқиғаны бөлісіңіз!» – делінеді облыстық ПД хабарламасында.

Иллюстрация: nur.kz