Қостанай облысында сібір жарасы бойынша 156 стационарлық пункт есепке алынған. Бұл жерде 1948 жылдан бастап ауру мал көмелген. Олардың барлығы биік бетон қоршаумен қоршалған, «Сібір жарасы» деген ескерту жазулары бар. Осы ауру бойынша стационарлық-қолайсыз пункттердің белсенділігін бақылау мақсатында жыл сайын көктем, жаз, күз айларында мамандар топырақ алып, зертханалық бақылау жүргізеді. Мамандардың айтуынша, биыл сібір жарасы бойынша еш дерек тіркелмеген. Былтыр Федоров ауданында кездесіпті.
– Бұл инфекция ауру жануарларлардан тарайды. Сібір жарасымен ауырған малдың барлық өнімдерін жеуге жарамсыз. Кебіреулер етті ұзақ қайнатып пісірсе жеуге болады деп ойлайды. Бірақ оның өзі патогенен құтылуға кепілдік бермейді. Сондықтан ауру малдың өнімдері, өлген жануарлар инсенераторлық пештерде өртеу әдісімен жойылады. Жануарды көмген жерлерде мал жаюдың өзі олардың инфекциясына әкелуі мүмкін, – дейді облыстық санитариялық-эпидемиалогиялық департаментінің бөлім басшысы Әсел Баймұхаметова.
Бұл аурудың қоздырғышы – сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларында споралық формаға ауысып, ондаған жылдар бойы топырақта қауіпсіз сақталатын сібір жарасы бацилласы. Сондықтан сібір жарасымен ауыратын жануарлар өлген жерде қауіп туралы ескерту жазулары бар тұрақты қоршау тұрғызылады, ал ошақтың айналасындағы километрлік аймақ санитарлық қорғау аймағы болып саналады.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА