Шетелдік көлік иелеріне ескерту жасалды

Шетелдік көлік иелеріне ескерту жасалды

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша, Ішкі істер министрлігі осы жылдың 23 қаңтарынан 30 маусымына дейін елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылданды. Алайда Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көліктер заңдастырылмайды.Көлік иелеріне өте аз уақыт қалғаны ескертіліп отыр.

“Бір реттік заңдастыруды ескере отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер осы жылдың 30 желтоқсанына дейін ғана қаралатынын хабарлаймыз. Бүгінгі күні нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде, яғни шетелдік автокөліктерді заңдастыруға 1 айдан аз уақыт қалды. Уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, біз автокөлік иелерін заңдастыру процесін аяқтауға және көліктерін тіркеуге шақырамыз”, – делінеді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қостанай облысында барлығы 11 мың 422 шетелдік автокөлік заңдастырылған.

Жаңалықтармен бөлісу