Шекараларға тыйым салынған заттарға қарсы белгі қойылды

Шекараларға тыйым салынған заттарға қарсы белгі қойылды

Облыстың алты шекаралық бекетіне электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз әкелінуінің алдын алу үшін ақпараттық билбордтар орналастырылды.

Ол белгі қолданыстағы тыйымдар мен ҚР ҚК-нің 301-1-бабы бойынша жауапкершілік туралы түсіндіреді. Бұған дейін осы  Ақбалшық, Обаған, Аят, Желкуар, Қондыбай және Қайрақ бекеттеріне профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп келген.

Бұл бастама Президенттің тапсырмасын орындау аясында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасына сәйкес қолға алынғанын айта кетейік. Оны облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментімен бірлесіп, қазан айынан бері күшіне енген ведомствоаралық Меморандумға сәйкес ұйымдастырып отыр. Бұл шаралар бақылауды күшейтуге және вэйп өнімдерінің заңсыз айналымын төмендетуге бағытталған.