Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі облыс шекарасында арандатушылық болды деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. Ол ақпарат осы жылдың 8 қыркүйегінде тараған болатын. Видеодан Қостанай қаласында өткен жоспарлы далалық оқу-жаттығу жиынына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының автокөліктер колоннасының бара жатқанын көруге болады.
«Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз», деліген ведмоствоның мәлімдеген хаттамасында.
«Шын мәнінде, біздің шекарамызда бәрі тыныш және бұл өте маңызды. Үшінші тараптың түсініксіз дереккөздеріне сенудің қажеті жоқ. Біреу қандай да бір себептермен жалған ақпарат таратты. Олар біздің қазақ жерінде бейбітшілік пен тыныштықты өз мақсатымен көздеуі екіталай. Бүгін біз бұл ақпараттың жалған екендігі туралы өте тез түсініктеме беруге тырыстық. Іс жүзінде ҚР Ұлттық ұланының автокөліктері қаладағы жоспарлы оқу – жаттығуларына жіберілген» деді бұл туралы облыстық қоғамдық даму басқармасының өкілдері.