Шәкірт жеңісі – ұстаз

Шәкірт жеңісі – ұстаз

Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. Егер әр адамның жүрегінде ізгілік тамшысы мен бойында қарым-қабілеті болса, ол соны аша білген мұғалімнің еңбегі.

 Оқушының қандай да бір жеткен жетістігі болса, ол ең әуелі ұстазымен бірлесіп жасаған жұмысының арқасы. Восточный жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ақлима Исмағұлова ұстаздық жолында шәкірттерін білім нәрімен сусындатып қана қоймай, әр баланың биіктен көрінуіне ерекше ден қойған.

Жылдар бойы қазақ тілі мен әдебиет пәнінен болатын қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларға шәкірттер дайындауда еш аянып қалған емес. Атап айтар болсақ, Аркалық қаласында өткен облыстық «Ыбырай оқулары» байқауына 7 сынып оқушы Жансая Құлахмет, 8 сынып оқушысы Жанель Ғалым қатысып «Үздік оқылым» номинациясымен марапатталды.

Сонымен қатар 8 сынып оқушысы Аяжан Темірбай «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» қалалық сурет байқауына қатысып 1 орын иеленді.

Болашақта балаларға жеңістер мен жетістіктер көп болсын деп тілеймін!

 Назгүл ИШАНОВА,

Восточный жалпы білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі.

Жаңалықтармен бөлісу