Сенат төрағасы жасанды интеллект қаупі туралы айтты

Сенат төрағасы жасанды интеллект қаупі туралы айтты

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXII отырысында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев сөз сөйледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сенат төрағасы өз сөзінде жасанды интеллект тақырыбына тоқталды.

“Адамзаттың алдында тұрған және көптеген пікірталастар тудыратын тағы бір өзекті мәселе – нейрон желілер мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы. Бүгінде цифрлық технологиялар прогресс үшін кең мүмкіндіктер ашады, бірақ сонымен қатар жаңа сын-тегеуріндерге ие”, – деді Әшімбаев.

Сенат төрағасы жаңа мүмкіндіктер деструктив бағытта пайдаланылған жағдайда туындайтын үлкен тәуекелдер туралы айтты.

“Сарапшылардың пікірінше, ақпараттық саладағы басты қауіптердің бірі әдейі жалған ақпарат пен фейктердің таралуы болып отыр. Осы мақсаттарға жасанды интеллект ресурстары да тартылуы мүмкін. Бұл этникалық, діни және әлеуметтік топтар арасындағы түрлі қақтығыстарға алып келуі ықтимал”, – деді Әшімбаев.

Фото: parlam.kz

Жаңалықтармен бөлісу