Саяжайға көгілдір отын тартыла ма?

Саяжайға көгілдір отын тартыла ма?

Тобыл қаласы мен Заречный ауылдарының арасындағы саяжай тұрғындарын әлеуметтік-тұрмыс  жағдайы әбігерге салып келеді.  Ол жаққа біріншіден орталықтандырылған құбыр жүйесі тартылмаған. Оның үстіне, жергілікті халық іргелес жатқан аудан орталығынан көгілдір отын тартылса дейді.

Бүгін Қостанай ауданының халқын осы секілді сауалдарымен қабылдап жатқан аудан әкімі Берік Таңжарықов жағдайдың тоқетерін айтты.

«Жоба жоғары бағаланды. Бірінші кезекте бұл жерлерді газдандыру басты талап болып отыр. Әзірге су тарту, канализация жағын республикалық бюджеттен қарастыруды жөн көріп отырмыз. Шағын қалалар бағдарламасы бойынша іске асыру көзделген. Алдағы үш жылда бұл мәселе толық шешіледі. Саяжай аумақтарын газбен қамтуға келсек,  заңға томпақ келіп отырған жайы жоқ емес. Сәйкес келетін аумақтарын бағдарлама бойынша жеке тұрғын үй бас жоспарына енгізу жобада бар», – деді аудан әкімі.

Әсел ҚИБАШ

Жаңалықтармен бөлісу