Саяси реформалар халық санасын серпілтті

Саяси реформалар халық санасын серпілтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары негізінен суперпрезденттік жүйеден бас тартуға арналған бастамалардан тұрады. Мәселен, президенттің партияға мүше болуына заң жүзінде тыйым салу, орталық сайлау комиссиясы төрағасы мен мүшелері, есеп комитеті, конституциялық кеңес мүшелерін партия құрамынан шығару, әкімдерге партия филиалдарын басқаруға тыйым салу, президенттің жақын туыстарына саяси лауазымдар мен квазимемлекеттік құрылымдарды басқаруға тыйым салу, мәжілістің 70 пайызын пропорционалдық (партиялық тізім), 30 пайызын мажоритарлық жүйе (өзін-өзі ұсыну) бойынша жасақтау сияқты мәселелер көтерілді. Мұның бәрі іс жүзінде жүзеге асырылуда. Бүгінде аз ғана уақыт аралығында сол бастамалардың оң нәтижелерін көріп отырмыз.

Сонымен қатар, тағы бір президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында өткен жылы жалпыхалықтық референдум өтіп, оның қорытындысы бойынша Конституциясының 33-бабына 56 өзгеріс енгізу мақұлданды.

Бұндай өзгеріс не үшін керек еді? Иә, көбі мынадай бір ғана сенімді жауап айтары даусыз: халықтың билікке деген сенімін нығайту үшін. Рас, көнерген жүйеде көп мәселе елдің ығырын шығарды. Соның бәрін ой елегінен өткізген Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма жүктеп, Жаңа Қазақстан құру идеясын ұсынып отыр. Көзіміз көріп, көңіліміз тоятыны – барлық саяси реформа халық санасына серпіліс сыйлады.

«Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды. Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын. Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз», – деген болатын ел алдында сөйлеген бір сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мен де баршаңызды осы істердің оң нәтиже беруіне атсалысуға шақырамын!

 

Айтжан ЕСЕНГЕЛДИНОВ,

«Көтерме және бөлшек сауда» ЖШС директоры,

Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты

Жаңалықтармен бөлісу