Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты – мемлекеттік органдардың террористік сипаттағы қауіп-қатер туындаған кезде өзара әрекеттесіп, терроризм актісінің салдарын барынша азайту әрі жою.
Облыстық терроризмге қарсы жедел штабы бұл іс-шараны ертең сағат 15.00 – ден 18.00 – ге дейін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Осыған байланысты азаматтардан тыныштықты сақтауды және мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сүйенуді сұрайды.