Сауда орындарында терроризмге қарсы талаптарды орындамаған заңды тұлғалар жауапқа тартылады

Сауда орындарында терроризмге қарсы талаптарды орындамаған заңды тұлғалар жауапқа тартылады

Бұл туралы  Кәсіпкерлер палатасының шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі салалық Кеңесінің отырысында айтылды.

Облыстық Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Амангелді Бапинов қатысушыларға сауда объектілерінің инженерлік-техникалық нығаюы мен қоғамдық тамақтануды қамтамасыз ету  талаптарын түсіндірді.
“Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” Заңға сәйкес объектінің басшысы, Меншік иесі тиісті өткізу режимін қамтамасыз етуге, объектіні заманауи инженерлік – техникалық күзет жабдықтарымен жарақтандыруға, үлгілік паспорт негізінде әзірлеуге және объект персоналымен профилактикалық және оқу іс-шараларын жүргізуге міндетті, – деп атап өтті  полиция подполковнигі Амангелді Бапинов.
Бейнебақылау және хабарлау жүйесінен басқа, сауда және тамақтану объектілері дабыл батырмаларымен, интернет желісінде және басқа да қоғамдық орындарда орналасқан объектілердің телефондарынан сөйлесуді жазу құралдарымен жарақтандырылуы тиіс.
Бұдан басқа, сауда және тамақтану объектілерін бейнебақылау жүйесі бейнежазбаны полицияның Жедел басқару орталықтарына не аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне беру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Полиция департаменті объектілерді терроризмге қарсы қорғау жөніндегі талаптарды орындамау немесе сақтамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Жаңалықтармен бөлісу