Сарысуға су келді

Сарысуға су келді

Сүйінші жаңалық! Шалғайдағы Жангелдин ауданының Сарысу ауылына ел көптен күткен ауыз су келді.

Бүгінгі таңда Сарысу ауылында 30-ға жақын үй бар. Онда тұратын халық саны 150-ден астам. Тіршілік нәрін ауыл тұрғындары өз күштерімен кіргізіп алды.

Еске сала кетсек, алдыңғы жылғы алапат су тасқынында ауыл халқы жұдырықтай жұмылып, ата қоныстарын табиғи апаттан сақтап қалған еді.

Осы елдік іске ауыл тұрғыны, «Дүйсенбаев» шарауа қожалығының басшысы Әсет Дүйсенбаев деген азамат мұрындық болып, Шөптібай, Жақан, Ерлан есімді ағаларымен және ауыл жастарымен бірге ауылды су басу қаупінен сақтап қалған болатын. Нәтижесінде бейбіт күнде ерен ерлік танытқан жерлесіміз Әсет Бөлтірікұлы Ақордада өткен салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан «Шапағат» медалімен наградталды.

Су тасқыны кезінде күн-түн демей жанқиярлық танытқан бүгінгі заманның батыры ауылдастарын ауыз сумен қамтуда да алдына жан салмай отыр. Ол 5 миллион 500 мың теңгеге Астана қаласынан экскаватор жалдап әкеліп, еліне су тартқызды. Өз техникаларын да осы іске жұмылдырды.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Ауыл тұрғындары бірігіп, қажетті керек – жарақтың бәрін Қостанай қаласынан жеткізді.

«Ауылымыздың тұрғындарының ынтымақтылығының арқасында осындай бір жақсы іс жүзеге асып жатыр. Үйді – үйге су енгізіліп, халыққа сапалы ауыз су беру басталды. Тұрғындарымыз жан – жақпен қуаныштарын бөлісіп, елге жанашыр азаматтарға алғыстарын еселеп айтып жатыр»,-дейді Жаркөл ауылдық округінің әкімі Бақыт Төлебаев.

Алдағы уақытта ауыл әкімінің бастамасымен, іште – сыртта жүрген ауыл тумаларымен ақылдаса отырып, ауылға кітапхана мен клуб ғимаратын тұрғызуды да жоспарлап отыр.

  Мұрат Жүнісұлы

                                                                                                          Жангелдин ауданы