14 мамырда Сарыкөл ауданының Ново-Урицкий мектебінің жетінші сынып оқушылары сабақтан кейін үйлеріне қайтып келе жатып, тұрғын үйдің шатырынан түтін шыққанын байқады. Балалар үйде бір қарт адам тұратынын біледі. Күндізгі сағат үште көшеде ересектердің ешқайсысы болған жоқ, барлығы жұмыста еді.
Рамиль Соловей бірден өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалып, ал Матвей Набоженко мен Иван Панкратов ойланбастан жанып жатқан үйдің ауласына жүгіреді. Балалар есікті ашып, диванда ұйықтап жатқан үй иесін оята бастады. Сосын көп кідірмей қарияны сыртқа алып, есін жиюға көмектесті.
Сол кезде балалар өрттен үйдің төбесі опырыла бастағанын, шатыр сынықтары ұшып жатқанын байқайды, бірақ бұл жағдайға олар асып-сасқан жоқ.
Өрт сөндірушілер отпен күресті. Үйге залал келгенімен, бірақ ең бастысы, адам аман қалды. Ерлік жасаған бозбалалар өздерін батыр санамайды, олар әркім осылай істеуі керек дейді.
Балалармен бірге үйге барған Ангелина мен Нұргүл үйдің жанында өрт сөндіру машинасын күтіп алды. Олар үй ішіне кірген ұлдар жазым бола ма деп қорқып кеткенін жасырмайды. Алайда сыныптастарының әрекетін мақтан тұтады.
Ержүрек оқушылар Ново-Урицкий мектебінде өсіп келеді. Сарыкөл ауданының өрт сөндіру бөлімшесі балаларға өрт кезінде адамды құтқарғаны үшін салтанатты түрде алғыс хаттар табыстады. Балаларға «Қазақстан халқына» қоры атынан «Жазғы жолдама» жобасы аясында сауықтыру лагерлеріне жолдама берілді.