Сарыкөл ауданында жоғалып кеткен әйел аман-есен табылды

Сарыкөл ауданында жоғалып кеткен әйел аман-есен табылды

Сорочин ауылының тұрғыны мал іздеп шығып,  қалың тұман салдарынан жолынан адасып қалған. Туыстары оны таба алмай, полицияға хабар берген.

«Іздеуге құтқарушылар, полиция және ауыл әкімдігі қызметкерлері жұмылдырылды. Бірнеше сағаттан кейін ол әйел Краснознаменка мен Қараоба ауылдарының арасындағы алқаптан табылды. Денсаулығына зиян келмеген, үйіне жеткізілді», – деп хабарлайды ТЖД.

Ауа райы бұзылғанда далаға шықпаңыз. Шығатын болсаңыз, жақындарыңызға қайда баратыныңызды айтыңыз. Қасыңызда қуаты бар телефон немесе навигатор болсын деп ескертеді ТЖД.