Мамандандырылған сыныптарының оқушылары дала жаттығуына қатысты

Мамандандырылған сыныптарының оқушылары дала жаттығуына қатысты

Қостанай облысы аумақтық қорғаныс бригадасы мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі бірігіп мектеп оқушыларына ашық есік күнін өткізді. Бұл жолғы іс-шара ерекше форматта өтті. Қостанай қаласындағы №28 мектеп-гимназиясының “Жас сарбаз” мамандандырылған сыныптарының оқушылары далалық жағдайдағы әскери өмірмен танысты.


Клуб мүшелеріне әскери қызметшілер мағлұмат беріп, оқу-жаттығуы қалай өткізілетінін таныстырды.

– Мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, болашақта шекара қызметіне жұмысқа шақырып жатырмыз. Арнайы оқу-орындарына түсіп, білім алуларына болады. Елімізде Шекара академиясы, ҚР Қарулы күштерінің әскери институты және Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты бар. Ниет білдірушілер бар, біз өз тарапымыздан бағыт-бағдар бердік, – дейді ҚР ҰҚК шекара қызметі Қостанай облысы департаменті бастығының орынбасары, подполковник Серік Төлеуханов.

Аумақтық қорғаныс бригадасымен қаладағы №28 мектеп-гимназиясы арасында өзара ынтымақтастық шарты бар. Келісім-шарт аясында түрлі бағыттағы патриоттық іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

Жаңалықтармен бөлісу