«Самұрық-Қазына» АҚ  атынан Әулиекөл ауданына жедел жәрдем көлігі табыс етілді

«Самұрық-Қазына» АҚ атынан Әулиекөл ауданына жедел жәрдем көлігі табыс етілді

Бұл көлік науқастарды бақылайтын, оттегі беретін, қосымша желдендіру аппараттарымен толық жабдықталған. Негізгі мақсаты ауыр науқастарға дереу көмек көрсету.

«Жол бойы дәрігерлік көмекті үздіксіз атқару барысында осы көлікті пайдаланамыз. Жүкті әйелдер, балалар, жол апатына ұшыраған адамдарға септігі өте зор. Осының арқасында денсаулық сақтау саласы біраз жақсарады деген ойдамыз», – дейді Әулиекөл аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқаушы Темірхан Серікболұлы.

Вера Ионкинаның  жедел жәрдем  бөлімшесінде медбике болып келе жатқанына жиырма жылдан асты. Әйтсе де тәжірибелі маман көліктің осыншалықты жабдықталғанына қарап, таңырқағанын жасырмады.

«Мында барлық қажеттіліктер қамтамасыз етілген. Қорғаныс мониторы, кардио құрылғылар, тыныс алдыру аппараттарына дейін қойылыпты. Алыс-жақын ауылдардан науқастарды жеткізуге көмегі өте көп», – дейді ол.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу