ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин атап өткендей, Бірыңғай жер салығын (БЖН) жеке табыс салығына көшіру ұсынылады. Шаруалар мен фермерлер үшін жеңілдікті режим сақталып отыр.
«11 төлемнің үшеуін алып тастау ұсынылады. Бұл – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін және қызметтің жекелеген түрлерімен айналысқаны үшін лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемдер», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны, орманды пайдаланғаны және жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін 3 төлемді біріктіру ұсынылады. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін бір ғана төлем болады. Жалпы, төлем мөлшерлемелері 77-ге қысқарады. Алымдардың 6 түрін қысқарту ұсынылады. Олар бойынша ставкалардың 34 түрі алынып тасталады. Сондай-ақ, мемлекеттік баждың 5 түрі алынып тасталады, олар бойынша мөлшерлемелер 51-ге қысқарады.