2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасында Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Сайлау науқаны барысында азаматтарға тек ресми ақпарат көздеріне сүйену ұсынылады.
Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысты барлық маңызды мәліметтерді, қабылданған қаулыларды, күнтізбелік жоспарды және өзге де ақпараттарды ресми интернет-ресурстарында тұрақты түрде жариялап келеді.
Ресми ақпаратты пайдалану азаматтардың дұрыс мәлімет алуына және жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған оқыту іс-шараларын да ұйымдастыруда.
Сайлауға қатысты барлық өзекті ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтынан білуге болады.
