Сайлау-2023: дауыс беру аяқталды

Сайлау-2023: дауыс беру аяқталды

Сағат 20:00-де еліміздің барлық аймағында сайлау учаскелері өз жұмысын толығымен тоқтатты. Аманкелді ауданындағы №227 сайлау учаскесіне 756 адам тіркелген. Оның 522-сі келіп, өз дауысын берді. Дауыс беру кезінде ешқандай да жанжал орын алған жоқ. Ол туралы №227 сайлау учаскесінің төрағасы Бекболат Сақтапбергенұлы баяндап берді.

— Аудан халқы белсенділік көрсетті. Тұрғындар ішінде таңмен таласа келгендерден бөлек, арнайы қаладан ауылға келіп дауыс бергендер де бар. Ақсақалдарымызбен, әжелерімізде маңызды істен шеткері қалмаған. “Азаматтық міндетімізді орындау үшін үйде қарап отыра алмадық” деп келгендердің қарасы қалың. Мүмкіндігі шәктеулі адамдардың да үйіне бардық. Сайлау жақсы деңгейде өтті, — Б. Сақтапбергенұлы.

Бибіт НҰРМҰХАНОВ,
Аманкелді ауданы

Жаңалықтармен бөлісу