Сәйкестендіру  құралдарынсыз 14 мыңнан  астам темекі өнімі  тәркіленді

Сәйкестендіру құралдарынсыз 14 мыңнан астам темекі өнімі тәркіленді

Жүргізіліп жатқан тексеру іс-шаралары аясында Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз өткізудің 6 фактісі анықталды және жолы кесілді деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Рейдтік іс-шаралар барысында белгілі болған заңсыз темекі өнімдерінің құны 30 млн теңгеден асады.

Кальянға арналып оралған темекі қоспасы, 14 439 бірлік мөлшерінде шетелде өндірілген бөлшек саудаға арналған электрондық темекі тауары табылған делінген ведомство мәліметінде. Өнім Қостанай қаласының аумағында сатылған.

Заңды бұзғандарға ҚРӘҚБтК ҚРК 283 бабының 2 бөлігі бойынша жауапкершілік жүктеледі.

“Ең жоғары санкция құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы – акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жаза” деп белгіленген хаттамада.

Қазақстан Республикасында енгізілген сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалау – тауарлардың қозғалысын бақылауды автоматтандыруға, сол арқылы олардың сапасы мен қауіпсіздігін растауға, сондай-ақ сатушылар арасында адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін басты кепіл.

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу