Қостанайдағы Л. Толстой атындағы әмбебап кітапханасы екінші жыл қатарынан қолға алынған маңызды жобаны қорытындылады. Жақын маңда тарихтың тағы бір бетін ашқалы отыр. Айтулы оқиға кітап әлеміне деген үлкен бір саяхаттың бастамасы болмақ. Ол туралы облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали «#ОқыЖәнеЖең» байқауының қортынды жиынында айтты.
Осылайша Тобыл-Торғай өңірі маңызды жобаны екі бірдей рухани серпіліспен жалғағалы отыр.
«Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына байланысты конференция өткен болатын. Онда Қостанайдың нөмірі 17 мектебінің мұғалімдері жасанды интеллект арқылы классикалық шығармаларға комикс жасап, сол оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын оятқанын айтты. Жиналыс аяқталысымен білім бөлімі арқылы осындай үлгімен «Шұғаның белгісі» шығармасына байланысты дүние құрастыруды ұсындық. Жақын арада заманауи үлгіде құрастырылған жаңа кітап жарық көргелі отыр», – деді Ринат Мұхаметқали.
Бұл еңбек Қостанай өңіріндегі балаларға арналған алғашқы қазақ тілінде шығатын комикске арқау болғалы тұр.
Тағы бір жаңалық, облыстық кітапхана ұжымы жергілікті тұлғалардың еңбектерін қайта басып шығаруды қолға алды. Жазушылар одағымен ақылдаса отырып, бюджеттен бес бағытта кітап шығару үшін 25 миллион теңге бөлінді. Ең әуелі Қостанай облысы әдебиетінің антологиясы оқырмсандарына жол тартқалы тұр. Антологияда көне шығармаларға мән беріліп, өңірдегі ауыз әдебиет қоры жинақталмақ. Қазына сериясы арқылы жиырма жылға уақыт жарық көрмеген жергілікті авторлардың туындылары баспаға жіберіледі. Бабалар аманаты сериясы елімізден шыққан ірі тұлғалардың мақсат мұраттарына, ұрпақтарына арналған повестер жинағын қамтиды. Әдеби Қостанай сериясы жастардың шығармаларына жол ашқалы отыр. Шалқар шабыт бағыты бойынша еркін шығармашылыққа жол беріледі. Бір ғажабы, оған ешқандай шектеу жоқ. Еркін жанрда ұсынылған дүнеилер комиссия арқылы сүзгіден өтеді.
Байқаудың қортынды жиыны жыр жинақтары «Қазына» сериясы арқылы жарық көргелі отырған Қостанайдың жас ақындары Абылай Мауданов пен Жандос Жүсіпбековтің өлең жолдарымен ашылды. Құланның ажалы романы мен оның авторы Ақан Нұрмановтың рухына арналған әсем туынды мен Сарыарқаның сайын даласы суреттелген «Дала» шығармаларына кезек берілді.
Бұл идеялардың барлығы әдеби ортаға шабыт сыйлап, бір арнаға тоғысқан оқырмандар қауымының алғысын алған «#ОқыЖәнеЖең» байқауынан туындағанын білеміз. Байқау қазақ және орыс тілдерінде үш жас санатында өткізіліп, облыстың мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналды. Ол дар, тәрбиеші, ұстаз, кітапханашылардан бөлек, кітап оқуды ұнататын жастар арасында кең қолдау тапты. Бұл сөзімізді кітап оқу сайысының биік тұғырынан көрінген жеңімпаз оқырмандарды құттықтауға келген тұлғалар да қуаттай түскендей.
«Бірінші байқауға 6000 адам тіркелді. Бір қуантарлығы, оның 4000- ы жастар болды. Кейін платформасын ауыстыруға тура келді. Келесі этапқа 10000 нан астам адам тіркелді. Осынша адамның тартылуы жобаны жаңа күшпен жалғауға күш берді. Бұл еліміздегі теңдесіз жоқ жобаның бірі. Ұтымды тұстары өте көп. Мәселен, жобаға он жастан бастап барлық тұрғындарды қатыстыруды мақсат қылдық. Ақпаратты технологияның нәтижесінде қатысушылардың үш кітапты үйінен шықпай оқып, тест тапсыру мүмкіндігі пайда болды», – деді бұл туралы Ринат Мұхаметқали.
Байқау шартына қарай, қатысушылар өздеріне ұнаған ұлттық әдебиетіміздің жауһарларының шығармаларын таңдап алды.
Өзге елдің жазушыларымен де танысты. Әлем классикасын оқыды. Бұл жолы эссе жазуға қолайлы жаңа жанрларға көбірек ден қойылды.
«Мұндай байқау жалпы республика көлемінде еш жерде болмаған. Облысымызда жылдан-жылға қанат жаюы, жастардың бойындағы өмірге деген, отанға деген, ата-анаға деген құрметін оятуға сеп болды. Осы жоба туралы Қазақстан Жазушылар одағының алқасында да айттым. Ондағы кісілер: «мына бір керемет дүние екен. Жазушыларымызға дем беретін, кейін жазам деген жастарға да ерекше серпін беретін жоба екен», – десті», – дейді қаламгер-журналист, Қазақстан жазушылар одағының Қостанай облысындағы өкілдігінің басшысы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жанұзақ Аязбеков.
Байқау қыркүйекте жарияланып, 10800 үміткер өтініш білдірді. Бұл алдындағы байқаумен салыстырғанда 5000 адамға артық. Сегіз мыңнан астам адам ақырғы турға жетіп, эссе жазды.
«Бұл жолы жазылған шығармалардың дені салмақты болды. Ең жас оқырмандардың тарапынан жақсы-жақсы ойлар айтылды. Келешекте оқыған кейіпкерлерін басқа қырынан көргісі келетін кішкентай оқырмандарға сүйсінбеске болмады. Болашақта жазушы қауым осы оқырмандардың талабын ескерсе дейміз», – деді ақын, прозашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, педагог, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі Александра Суслова.
Кітап оқыған адамның санасы озық, жүрегі мейрімге толы болмақ. Кітапты түсініп оқу үлкен дүние. Айтар ойын орнықты жеткізуге ұмтылып, ішкі дүниесін байыта түскен қатысушылардың бірі Аманкелді ауданы, Құмкешу орта мектебінің 11 сынып оқушысы Эльнура Мұханбетқалиева. Оның бұл талпынысына себеп болған анасы Жазира Мейрамқызы болатын. Эльнура республикалық IQanat олипиадасының жеңімпазы, Республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауының 2-орын иегері, облыстық тоғызқұмалақ жарысында топ жарған. Ұстаздар отбасында тәрбиеленіп келе жатқан ол Мұқағали оқуларының, І.Жансүгіров байқауының 1-орын иегері, «Жаңа Қазақстанның дарынды оқушысы» атты республикалық форумының жеңімпазы атанған. Эльнура бұл жолы «#ОқыЖәнеЖең» байқауынан екінші орын алды.
«Биыл осы сайысқа екінші жыл қатысып жүлделі орындарға ие болып отырмын. Мен үшін ең керемет байқаулардың бірі. Бұл байқау жастарды кітап оқуға баулиды. Ортада ойын жеткізуге көмектеседі. Байқауда тәуесіз елдің тарихына, ұлттық құндылыққа, адамның жан дүниесіне байланысты үш кітап оқып шықтым. Төртінші турда эссе жазып, осы үш кітап бойынша ойымды айттым. Көп уақыт дайындықты қажет етті. Әр кітапты ой түйіп оқыған дұрыс», – дейді Эльнура Мұханбетқалиева.
Байқауда үшінші орын алған Мәдина Зейнолла мараппаттау рәсіміне әжесі Ора Сұлтановамен келіпті. «Ауылдан шыққан милионер», «Тұлпардың соңғы тұяғы», «Робинзон Крузо» шығармаларын оқуға ниет танытқан Мәдинаның да бұл алғашқы байқауы емес.
«Бірінші кезеңде бас жүлдені ұтып алғанмын. Екінші турда үшінші орын ұтып алдым. Бұл сайысқа ұстазым арқылы қатысып отырмын. Үш кезең бойы онлайн тест тапсырдық. Төртінші кезеңде эссе жазып, қазылардан жоғары баға алдық», – дейді Мәдина.
Нұрай Жылқыбай осы байқауға Жанкелдин ауданы Шилі ауылынан келген.
«Басында байқауға қатысу ойымда болған жоқ. Үнемі кітап оқығым келетінін білетін апайым қатысайық дегесін біртіндеп қызығушылығым ояна бастады. Ең ұнаған кітабым – Робинзон Крузо. Оның жалғыз аралда қалып қойғаны қызық көрінді. Өзіне сеніп, Аллаға деген құлшылығымен тірлігін жасағаны өзіне баурап, тарта түсті», – дейді ол.
Анасы Айгүл Өміртайқызы Нұрайдың жақсы көретін пәні қазақ тілі мен әдебиеті екенін айтады.
«Нұрайдың қоғамдық жұмыстарға қызығушылығы зор. Спорт, би, ұшқыр-ой алаңының белсенді мүшесі. Соның бәріне қалай үлгіретінін білмеймін, әдеби кітаптарды да көп оқиды және аудандық олимпиадаларға үнемі қатысып келеді», – дейді анасы.
Қайнекей Жармағанбетов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы 10 жастан 14 жасқа дейінгі жас санаты бойынша 3 орынға ие болды.
Байқаудың жеңімпазы Аян Үсембаевтың жаны әдебиетке жақын. Қостанай қаласы № 2 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы келер жылы Мәскеу мемлекеттік университетіне құжат тапсыруды жоспарлап отыр.
«Классиктердің шығармасын ұнатамын. Әдебеттен жыл сайын олимпиадағы қатысып келемін. Бұл байқауда маған эссе жазу бөлімі қатты әсер етті. Автор ретінде ойыңды білдіруге мүмкіндік аласың», – дейді Аян Үсембаев.
Ол бұл байқауда 15 жастан 18 жасқа дейінгі номинацияда 1 орынды иеленді. кескіндемені жақсы көреді. Картиналардың стильдерін, суретшілердің шеберлігін талдағанды жаны қалайды.
Қостанайдағы С.Мауленов атындағы гимназияның 7 сынып оқушысы Дана Кенжетаева 10 жастан 14 жасқа дейінгі жас санаты бойынша байқау жеңімпазы атанды.
«Дана кішкене кезінен ағылшын тілін жақсы көреді. Өзі сыныбында сондай белсенді. «Өрнек» ансамбіліне қатысып жүр. Жетекшілерімен бірлесіп ғылыми жобаларға атсалысады. Биология пәнінен ғылыми жобадан екінші орын алып бәрімізді қуанатты. Енді, міне, осы байқауда жеңімпаз атанып отыр. Бұл да болса, қызымыздың табандылығының арқасы», – дейді анасы Алма Төлегенқызы.
Осы жас номнациясының тағы бір жеңімпазы – Алиса Әбішева әртүрлі жанрдағы әдеби шығармаларды оқығанды кішкентай кезінен бастап ұнататын.
«Қазір Алисаның жеке кітапханасында 200-ден астам кітап бар. Джоанна Роулинг жазған Гарри Поттер кітаптар сериясы сөреміздің төрінен орын алып тұр», – дейді анасы Алена Юрьевна.
Физика-математика лицейінің 6 сынып оқушысы Алиса бүгінде Қостанай қаласының музыкалық және көркемсурет мектептебінде қосымша білім алып жүр.
Рудный қаласы Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Әсем Беғалиева 15 жастан 18 жасқа дейінгі жас санаты бойынша жеңімпаз деп танылды. Әсем қалалық ғылыми жобалар мен олимпиадалық сайыстарға белсене қатысып, жүлдегер атанды. «Ақбота» зияткерлік олимпиадасының жүлдегері, ғылыми жобалардың қалалық кезеңі бойынша 1 орын иегері, «Бейімбет оқулары» олимпиадасының 3 орын иегері және «#ОқыЖәнеЖең» бірінші онлайн байқауының 2-ші дәрежелі жүлдегері болды.
Рудный қаласы Б.Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназияның мұғалімі Әйгерім Бірімжанова 19 және одан жоғары жас санаты бойынша 1 орын алды. Әйгерім Нығметжанқызы да бірінші байқауға қатысып, екінші орынды иеленген болатын. Кітап оқуды, ақындық қабілетін шыңдағанды жаны сүйеді. Қалалық «Жаңашыл ұстаз 2024» байқауының 2-орын иегері. А.Байтұрсынұлының туған күніне орай ұйымдастырылған қалалық авторлық шығармалар байқауының 1-орын иегері.
Қостанай қаласы № 8 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Наталья Семенова 19 жастан жоғары номинацияда жеңімпаз болды. Ол білім ордасында орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Бала кезінен оқығанды ұнатады. Өлең жазады. Сурет салуды қатты ұнатады. Театрға құмар.
Мұхамеджан Қарабаев атындағы облыстық оңалту орталығының бас дәрігері Тамара Асаул мен облыстық білім басқармасының басшысы Айман Ибраева бұл байқау жеңімпаздарына демалыс лагерлері мен шипажайға жолдама берді.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерді түсірген – Бағдат Ахметбеков