Кеншілер қаласындағы политехникалық колледжінің студенті Артем Корякин Қытай Халық Республикасы Шэньси технологиялық университетінде өткен кәсіби дағдыларды дамытуға және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған байқауда екінші орынға ие болды.
Байқау «Колледждерге арналған ERG» жобасы аясында өтті. Мұндай іс-шараға қатысу студенттерге өз білімдерін кеңейтуге, басқа елдердің әріптестерімен тәжірибе алмасуға және өзекті сұранысқа ие кәсіптерде өз дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.
“Бұл мен үшін ерекше жетістік. Мен өз облысымды және елімді абыроймен таныстырғаныма қуаныштымын!” – дейді Артем.
Айта кету керек, Шэньси технологиялық университетінде “Колледждерге арналған ERG” жобасы аясында Рудный политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Светлана Шинкевич, Жітіқара политехникалық колледжінің оқытушысы Тимур Исмурзинов, Лисаков техникалық колледжінің оқытушысы Ирина Горбанева және Білім басқармасының ТжКБ бөлімінің бас маманы Анастасия Коваленко халықаралық тағылымдамадан өткен болатын.