Рудныйда металлургтер күнінде “ССКӨБ” АҚ-ның 150-ге жуық қызметкері түрлі деңгейдегі марапатқа ие болды. Олардың қатарында “ERG Service” ЖШС жұмыс істейтін механиктер мен электриктер, жөндеушілер, басқарушы персонал және экономистер мен бухгалтерлер бар.
Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко металлургтерді құттықтай отырып, ССКӨБ-нің қала өміріндегі маңызын атап өтті. Сондай-ақ МБЖ өндіру зауыты үшін газ құбырын салу 400 миллиард теңгеден астам сомаға шығатынын айтты. Жоба толық күшіне енген. ГБЖ зауыты салынған соң жұмыс орындары құрылып, өндірістің жаңа деңгейі көтерілетінін тілге тиек етті. Қызметкерлерге қала әкімі Виктор Ионенко Құрмет грамотасын, “Еңбек даңқы” төсбелгісін табыстады. ERG кәсіпорны да өздерінің төсбелгісін тағып, озықтарға “Үздік тәлімгер”, “Мамандығының Үздігі”, “Жастар көшбасшысы” аталымы бойынша диплом берді. Сондай-ақ, “ERG Инноваторы” және “ERG еріктісі” грамоталары табыс етілді. Оның сыртында жыл бойынша Құрмет тақтасына фотосуреттері ілініп тұратын қызметкерлерге сертификат берілді. Олардың жалақысына 10-15 пайыз мөлшерінде сыйақықосылмақ. Айта кету керек, биыл аталмыш кәсіпорын қатары 2400 қызметкермен толықты.
Талғат Нұрмұхамедовке II дәрежелі “Еңбек даңқы” төсбелгісін тақты. Ол ССКӨБ-ге 1993 жылы тартқыш агрегат машинистінің көмекшісі болып қызмтке орналасқан.
– Көлік кешенінде, электровоз учаскесіндегі тау-кен теміржол көлігі цехында жұмыс істеймін. 2006 жылы машинист, 2011 жылы – машинист-нұсқаушы болдым. 2019 жылдан бастап шебердің міндетін атқарамын. 2020 жылдан бастап учаске бастығына көтерілдім. Қазір тартқыш агрегаттарды пайдалану бойынша маманмын. Біз тау жыныстары мен кендерді карьерден зауыттарға, үйінділерге шығарамыз. Рe-2M маркалы жаңартылған тарту қондырғыларында жұмыс істейміз. Үлкен массасы бар пойызды жүргіземіз, яғни, 2016 тонна кен. Қондырғының өзі 1000 тоннадан асады, – дейді марапат иесі Талғат Нұрмұхамедов.
Одан соң “ССКӨБ” АҚ және “Қашар рудасы” АҚ қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. “Қашар рудасы” Ақ бүгінде темір рудасы дивизионының ең жемісті бөлімшесі. Іс-шараға ERG Директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов және Еуразиялық топтың бас директоры Серік Шахажанов қатысты.
– Соңғы екі жыл ERG және SSGPO үшін өте қиын болды. Бірақ сіздердің табандылықтарыңыз бен дамуға деген ұмытылыстарыңыздың арқасында бүгін біздің алдымызда жақсы перспективалар бар. Сонымен қатар, өте күрделі міндеттерді шешу қажет: жақын арада өндірісті ұлғайтып, өнімдеріміздің сапасын жақсартып қана қоймай, өзіндік құнын төмендетіп, жаңа өндірістерді енгізу керек. Солардың бірі – жаңа нарықты кеңейтуге мүмкіндік беретін ыстық брикеттелген темір өндіру зауытының құрылысы. Біз бұл өнімді батыс елдеріне алғашқылардың бірі болып экспорттауымыз керек, – деді Шухрат Ибрагимов.
Мереге мереке қосылып, ERG кәсіпорынының басшылығы ССКӨБ-нің жас 12 қызметкеріне пәтер кілтін табыстады. Сатып алу құқығымен жалға берілген пәтер Сандригайло және Қашар көшелерінен беріліп отыр.
Екі бөлмелі пәтердің сертификаты тау кен кенішінің қызметері Владислав Овсянкоға берілді. Ол Соколов кенінде бес жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.
– Шахтада электрслесері жұмыс болып істеймін. Жұмыс ұнайды, бәрі жақсы. Жер асты жағдайында жұмыс істеу әрине қиын, қазір үйреніп қалдым. Жалақысы да көңілге қонымды. Мен әлі күнге дейін ата-анаммен тұрып келдім, енді өз үйім болады, қуаныштымын. Басшылыққа рахмет, – дейді Владислав Овсянко.
Мереке күнінде Рудныйлық балалар да назардан тыс қалмады. “Достық” саябағында ойын-сауық ұйымдастырылып, кешкісін Рудный жұртшылығы мерекелік концерт тамашалауға орталық алаңға жиналды. Кеншілерді құттықтау үшін облыс өнерпаздары және эстрада жұлдыздары арнайы келді. Олардың қатарында “Костанайские зори” атақты би ансамблі, “DosStar” тобы, X-Factor Kazakhstan тележобасының жеңімпаздары “Дуэт Bro” бар. Сырттан келген әншілер Иса Әлимұсаев, Sadraddin, “The Jigits” тобы мерекенің көрігін қыздырды.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген Виталия ГОРТ