Рудныйда және оған қарасты елді мекендерде адамдар әлі де эвакуациялану үстінде. Бұл өңірде ұзын саны 163 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Соңғы мәліметке сүйенсек, бес бірдей бау-бақша қоғамынан 53 адам, Перцев аауылының Речной, Южный көшелерінен 106 тұрғын және Рудныйда қатерлі аумақтан 4 адам құтқарылған.
Олардың көбі туыс-туғандарын паналай тұруға шешім қабылдаса, 5 тұрғынға эвакопунктке орналастырылды.
“Қазір қалада 4 эвакуациялық пункт бар. Рудный индустриялық университетінің, Тау-кен технологиясы және әлеуметтік-гуманитарлық колледждерінің жатақханаларындағы төсек-орын саны 169-ға дейін көбейтілді. Ал жапа шегушілердің дүние-мүліктерін эвакуациялауға “Рудный су арнасы” ЖШС гаражы аумағы тағайындалған”, – делінеді қалалық штаб ақпаратында.
Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру және нысанадағы учаскелерді патрульдеу жұмыстарына әр мүдделі саладан 341 адам жұмылдырылған. Олардың 130-дан астамы – еріктілер жасағы.
Резервте тағы 200 адам бар екені де мәлім болып отыр.
Барлық жоспарлы жұмысқа ұзын-ырғасы 36 техника тартылған.
Қазір қауіпті аумақтарға инертті материалдар мен ыдыс-қаптар әкелінген. Перцев ауылы айналасындағы дамбаны биіктету, Речной көшесін айналдыра қоршау, басқа да тасқынға осал тұстарды нығайту жалғасып жатыр.
Айта кету керек, су басу қаупі бар аумақтардан 227 бас мал құтқарылып, “позняков” ШҚ жайылымына айналды. Әзірге, су кірген үй-жай мен қора-қопсылар жоқ.