Рудныйда қарасора өсіретін фитозертхана жойылды

Рудныйда қарасора өсіретін фитозертхана жойылды

Рудныйда өз пәтерінде қарасора өсірген ер адамды полиция қызметкерлері прокуратураның көмегімен қолға түсірді. Күдікті жасырын фитозертхана ұстап келген.

“Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары балконда термоматериалмен қапталған жылыжайды тапты. Ішінде каннабис тектес өсімдік өсіретін үш құмыра, үш электр фитолампасы, электрлі сорғыш және желдеткіші болды. Сонымен қатар ас үй бөлмесіндегі үстелде ZIP-пакеттерде каннабис тұқымы сақталған қорап табылды. Сараптама тәркіленген заттың салмағы 1,3 келіден асатын каннабис өсімдігі екенін растады”, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Медициналық куәландыру күдіктіні ұстау кезінде каннабиоидты қолданудың белгілері анықталғанын көрсеткен. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша Рудный тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Кінәлілігі дәлелденген жағдайда, ол қылмыстық жазаға тартылады.

Жаңалықтармен бөлісу