Рудныйда кварталішілік жылу желілері жөнделеді

Рудныйда кварталішілік жылу желілері жөнделеді

Қазіргі таңда қала ішіндегі кварталішілік желілердің тозығы жетіп тұр. Осыны ескеріп, биыл жөндеу науқанының бағдарламасы әзірленген. Онда тарату желілеріне басты нараз аударылып отыр.

«Қаржыландыруды мақұлдау кезінде жалпы сомасы 3,6 млрд теңгеге 18,6 шақырым жылу желілерін, оның ішінде кварталішілік желілерді – 17,79 шақырымын жөндеу және реконструкциялау жоспарлануда. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 750 млн теңге бөлінді», – деді «Рудный жылу желілері» ЖШС директоры Олег Абилхайыров.

Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко екі жыл бойына жүргізілген жұмыс жақсы нәтиже бергенін атап өтті. Магистарльдық жылу желілерінің тозуы төменгі деңгейге дейін жетіп отыр.

«Желілердің тозу жеңгейін әлі де төмендету үшін кварталішілік желілерге ауысамыз. Биыл сәуір айынан бастап жөндеу жұмыстарын бастау үшін мердігер ұйымдармен жедел жұмыс істеу керек. Айта кету керек, қалада өткен жылдардағындай қазба жұмыстары болмайды, жұмыс негізінен жеке секторларда, құбырлардың шағын диаметрлерінде жүргізілетін болады. Қаржыландыру ішінара мақұлданды. Енді Республикалық бюджеттен бекітуді күтеміз», – деді қала әкімі.

Олег Абилхайыров жөндеу кезінде құбырлардың техникалық жағдайын жақсартумен бір мезгілде тағы бір маңызды мәселе шешілетінін атап өтті. Ол – барлық үйлердің су келетін бөліктеріне бекіту арматурасы орнату.

«Бұл тұрғындардың ішкі жүйелерін жөндеу кезінде әр үйді бөлек ажыратуға мүмкіндік береді», – деді ол.

Биылға арналған жоспарда 2026-2028 жылдары магистральдық және тоқсандық жылу желілерін қайта жаңартуды жалғастыру үшін жобалау-құндық құжаттаманы дайындау көзделген. Бұл жұмысқа облыстық бюджеттен 150 млн теңге тарту жоспарлануда. Осының арқасында осы жылға жөндеу науқаны кезінде кварталішілік желілердің тозуын 56%-ға, желілердің жалпы тозуын 53,02%-ға дейін төмендету жоспарлануда.

 Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЙ