Рудный қаласының тұрғыны пышақ жарақатын алған итті көріп полицияға шағымданды

Рудный қаласының тұрғыны пышақ жарақатын алған итті көріп полицияға шағымданды

Ол жануарды қорғау үшін дереу полицияға қоңырау шалған. Полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 41 жастағы жергілікті тұрғынды “Ізін суытпай” ұстап алған.

“Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін іс-шаралар кешені жүргізілуде. Жануарларға қатыгездік жасағаны үшін қылмыстық жаза қарастырылған. Бұл 200 АЕК (2024 жылы 738 мың теңге) мөлшерінде айыппұл, 200 сағатқа дейінгі мерзімге түзеу немесе қоғамдық жұмыстар, ал кейбір жағдайларда тіпті 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу болуы мүмкін”, – Облыстық ПД баспасөз қызметі.

Азаматтарды жануарларға мейірімділікпен қарауға және полицияға қатыгездік туралы хабарлауға шақырамыз.

Жаңалықтармен бөлісу