Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші сәуірден бастап “Таза Қазақстан” акциясын өткізу туралы тапсырма берген еді. Ол науқан он бірінші мамырға дейін жалғасады.
Бүгін бұл бастамаға Рудный қаласы Космановт көшесі 15 үйдің тұрғындары да үн қосты.
Мәжит осы үйдің он алтыншы пәтерінде тұрады.
Таңертең қолына күрек-кетпенін алып, есік алдына шықты. Сыпырғыш, қалақ ұстап, Айжан бастаған қыз-келіншектердің қатары да жиналып қалған екен.
Кейбір жігіттер қабырғаларды тазартып, әктеуге кірісіп кеткен. Белгілі қоғам белсендісі, мәдениет саласының өкілі Берік Қозылов та бұл жұмыстарға бастамашылардың бірі.
“Біздің үйдің тұрғындары өте ұйымшыл. Тазалық науқанын жыл сайын атқарып келеміз. Биыл Президент те осы туралы айтып жатыр. Әр мерекеде аулада іс-шаралар болады. Демалыс күндерін тур базаларда өткіземіз”, – дейді Берік Қозылов.
Рудный қаласы