Ол Қостанай ауданының металл қабылдау пункттерінің бірінде адамдарды қарумен қорқытып, 792 мың теңге ақшаны иемденіп, қашып кеткен.
Оны іздестіру үшін арнайы жоспар құрылып, автокөліктер тоқтатылып, тексерілді.
“Біз күдіктіні Рудный қаласында ұстадық. Тапанша, ақша, балаклаваға ұқсас затты тәркіледік. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қару бойынша сараптама тағайындалды”, – дейді ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Юрий Полюхов.
Күдікті мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ПД қызметкерлері жол қозғалысының жабылуына байланысты, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қараған тұрғындарға алғыс білдірді.