Рудный қаласы студенттерінің жаппай улану фактісі бойынша айыптау қолдау тапты

Рудный қаласы студенттерінің жаппай улану фактісі бойынша айыптау қолдау тапты

Өткен жылдың 20 сәуірінде Рудный тау-кен технологиялық колледжінде 14 студент тамақтан уланған.

Осы факт бойынша прокуратураның қадағалауымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, оның барысында «S-Salta» ЖШС басшысы С.А. Шугубаева қабылданған міндеттемелерді елемей, санитарлық нормалардың бұзылуына жол беріп, жаппай улануға әкеп соқтырғаны анықталды, деп хабарлады облыстық прокуратура өкілдері.

Бұдан басқа, «S-Salta» ЖШС басшысының көрінеу жалған құжаттарды, атап айтқанда медициналық тексеруден өту туралы жеке медициналық кітапшаларды заңсыз пайдалануға қатысы бар екені анықталды.

Рудный қаласының прокуратурасы тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық істі сотқа жіберіп, мемлекеттік айыптауды қолдады.

2023 жылғы 7 тамызда сот үкімімен С.А. Шугубаева жалған құжаттарды пайдаланғаны және санитарлық ережелерді бұзғаны үшін кінәлі деп танылды және 3 жыл мерзімге белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтармен бөлісу