Родиналықтар ерекше жандарға жан жылуын ұсынды

Родиналықтар ерекше жандарға жан жылуын ұсынды

Родина ауылдық клубы мен Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Арқалық әлеуметтік қызмет көрсету» орталығының қызмет алушыларына «Мейірімділік – шуағын төккен кеш» атты қайырымдылық кешін сыйлады.

Іс-шара аясында «Шын жүректен кітап сыйла» атты кітап көрмесі де ұйымдастырылып, 60-қа жуық әдебиеттер насихатталды. Көрмеде ұсынылған басылымдар оқырмандардың қызығушылығын оятып, кітаптың рухани байлық пен білімнің қайнар көзі екенін айқындай түсті. Насихатталған әдебиеттер әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушәлеріне тарту етілді.

Қызықты ойындар қатысушыларды ынталандырып, кештің мазмұнын аша түсті. Әсем әндер шырқалып, өнер туындылары жүрекке жылы әсер сыйлады.

«Мейірімділік пен ізгілік — адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, жүректерге жылылық сыйлайды. Сондықтан, мұндай тағылымы мол кездесулердің ерекше жандардың өмірге деген құлшынысын арттыруда маңызы зор.

Тағылымы мол кешіміз ерекше жандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың жан дүниелеріне қуаныш пен шаттық ұялатты»,-дейді Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы Қырмызы Шаттыққызы.

blank blank

Кеш соңында Арқалық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы Бағлан Еркінқызы ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, қамкөңіл жандарға жыл сайын тұрақты түрде қайырымдылық концертін беретін «Жігіттер квартеті» сынды танымал өнер иелерін Алғыс хатпен марапаттады.

Мұрат Жүнісұлы

                                                                                                        Арқалық қаласы