Ринат Мұхаметқали Мәдениет және ақпарат министрлігінде жаңа қызметке тағайындалды

Ринат Мұхаметқали Мәдениет және ақпарат министрлігінде жаңа қызметке тағайындалды

Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Мәдениет және ақпарат министрілігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ринат Мұхаметқали 1981 жылы туған. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2002-2004 жылдары жеке және мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеген.

2004-2009 жылдары Әділет министрлігінің заңнама департаментінде жетекші маман, бас маман, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы лауазымдарын атқарған.

2009-2010 жылдары Әділет министрлігінің заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары болған.

2010-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінде инспектор, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2021-2022 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппаратының басшысы болған.

2022-2023 жылдары Президент Әкімшілігі басшысының хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған.

2023 жылдың қаңтарынан бастап Қостанай облысы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Жаңалықтармен бөлісу