Республикалық «Бейбітшілік және келісім жолымен» атты экспедециясы Қостанайға  келді

Республикалық «Бейбітшілік және келісім жолымен» атты экспедециясы Қостанайға келді

Бүгін Достық үйінің ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халықтық экспедициясы аясында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен өткен дөңгелек үстел өз жұмысын бастады. Облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Абылайхан Какенов  астанадан арнайы келген жұмыс тобына сәттілік тіледі.

Жиын барысында әлеуметтік желілердегі жұмысты күшейту, «Мектеп медиациясы» жобасының өрісін кеңейту, барлық жоғары оқу орындарында ҚХА кафедраларын құру туралы сөз болды.

Қазақстан этностарын біріктіру және үйлестіруге, сондай-ақ Қазақстан халқының мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған жыл сайынғы жоба биыл  осы облыстан бастау алды. Қостанай облысы көп ұлтты өңірдің бірі, бір жағынан шекаралас аймақта орналасқандықтан оның да жөні бар.

Кездесу барысында этносаралық келісімге қатысты маңызды мәселелер қаралды. Мәселен, ҚХА қоғамды шоғырландырудағы рөлі, сондай-ақ Қазақстанның этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатының басымдықтары туралы Астана қаласы түрік этномәдени орталығының төрағасы Әскер Пириев пен ҚР этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің бас сарапшысы Нәжен Сәрсембеков өз сөздерінде баяндап өтті.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ҚХА кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная өз сөзінде өзекті контент тақырыбын қозғап, барлық жоғары оқу орындарында ҚХА кафедраларын құруды ұсынды.

Дөңгелек үстел өткеннен кейін спикерлер қостанай орталығындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетін студентерімен және ЧЕЛГУ жастарымен пікр алмасып, әр түрлі топтағы жастарға ақпараттық және этносаяси сауаттылық бойынша дәріс және практикалық сабақтар өткізді.

Сондай-ақ, экспедиция аясында олар біздің облыстың киелі жерлеріне барды. Арнайы қонақтарды Қостанай облысы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қалқаман Хасенұлы, Ыбырай Алтынсарин кесенесіне барып, құран бағыштап экскурсия жасады.

«Бейбітшілік және келісім жолымен» жобасының келесі бағыттары Көкшетау мен Петропавл қалаларында жалғаспақ.

 

Жаңалықтармен бөлісу