Қостанайдың «Тобылы» Черногория құрамасының қорғаушысы Марко Вукчевичпен келісім-шартқа отырды.
Марко – еуропалық футбол мектебінен өткен тәжірибелі қорғаушы. Ол мансабында «Будучность», «Олимпия» және «Ислочь» сияқты клубтарда ойнады. Сондай-ақ Черногория құрамасының белді ойыншысы. «Тобылға» дейін Вукчевич Босния мен Герцеговинаның «Борац» командасының намысын қорғады. Оның кәсіби шеберлігі мен сенімді ойыны біздің команданы күшейтері сөзсіз.