Қазақстан-Ресей арасындағы ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форум шеңберінде пленарлық отырыстар өтті. Онда екі мемлекет өңірлерінен келген өкілдер өзара тәжірибе алмасты.
Айта кету керек, Ресей Федерациясы еліміздің негізгі сауда серіктестерінің бірі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты сауда көлемі 27 млрд $(экспорт – 9,1 млрд $, импорт – 17,9 млрд $) құрады, бұл – Қазақстанның жалпы тауар айналымының 20%-і (19,9%).
Биылғы қаңтар-тамыз айларында сауда көлемі 17 млрд $ болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,1% жоғары.