РЕФЕРЕНДУМ: 14:00-дегі жағдай жария етілді

РЕФЕРЕНДУМ: 14:00-дегі жағдай жария етілді

АЭС бойынша референдум барысында 6 млн 339 мың адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Комиссия мүшесінің атап өтуінше, 14:00–дегі жағдай бойынша 6 339 425 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 51,77 пайызын құрайды.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша — 52,99%
2. Ақмола облысы бойынша — 54,91%
3. Ақтөбе облысы бойынша — 52,85%
4. Алматы облысы бойынша — 59,32%
5. Атырау облысы бойынша — 52,91%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша — 50,52%
7. Жамбыл облысы бойынша — 48,80%
8. Жетісу облысы бойынша — 55,42%
9. Қарағанды облысы бойынша — 59,92%
10. Қостанай облысы бойынша — 61,54%
11. Қызылорда облысы бойынша — 54,13%
12. Маңғыстау облысы бойынша — 46,19%
13. Павлодар облысы бойынша — 49,18%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 48%
15. Түркістан облысы бойынша — 67,38%
16. Ұлытау облысы бойынша — 59,65%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 61,73%
18. Астана қаласы бойынша — 45,19%
19. Алматы қаласы бойынша — 16,91%
20. Шымкент қаласы бойынша — 64,38%

«Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса референдум өткізілген деп саналатындығын атап өткен жөн», — деді комиссия мүшесі.

Азаматтардың уақытша болатын жерлеріндегі 358 учаскеде дауыс беру аяқталды.

Республикалық референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады:

— Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?

Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды:

— «Иә, келісемін» немесе, «Жоқ, келіспеймін».

1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы.

 

Жаңалықтармен бөлісу