Он екі айдың ішіндегі қасиетті рамазан айында Рудный қалалық «НҰР» мешітінің наиб-имамы Әл-Фараби Кенжеғара қарттар үйінде қонақ болып қайтты.
Ақ көңілмен жайылған ақ дастарханда имам ораза ұстаудың тәртібі туралы айтып, уағыздарымен бөлісті. Босқосуда Әл-Фараби имам көптеген сұрақтарға жауап берді. Үйіміздегі ата-әжелер пітір садақаларын беріп, құран оқытты. Жас бала болса да өмір тағдырын қиын жолмен өткерген ата-әжелерінен ақ бата алды. Ораза айының кереметін осы отырыстан көруге болады, жиналған ата-әжелер бәрі бір адамдай өзара шүйіркелесіп, шәй үстінде көптеген сұрақтарға жауап алып риза болды.
Н.УТЕКЕЕВА,
№1 Рудный арнаулы
әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ
әлеуметтік жұмыс бойынша маманы