№1 музыкалық мектепте шығармашылық тәжірибеге негізделген қызықты шеберлік дәрістері өтті.
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі Талғат Мұсабаев пен ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің солисі, Қ.Жұмакенов атындағы флейташылар ансамблінің негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі ЖібекСапарғалиева өнер көрсету кезінде тыныс алу тәсілдері, композициялардың кәсіби орындалуы жайлы айтты.
«Мұндай дәріс сабақтары қажет. Бүгінгі шеберлік сыныбына мектептің оқушылары мен оқытушылары да қатысып отыр. Бір жарым сағаттай оқушыларымен даярлық сабақтарын өткізіп, өздеріне қажеттерін алады деп ойлаймын. Әрі өз-өздерін жетілдіретін болады», – дейді Қостанай қаласы №1 музыка мектебінің директоры Гүлнар Кучикова.
Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев қорының Қостанай облысындағы екінші күні аяқталды.
Айта кету керек, ертең 28-сәуірде қор шеберлік дәрістері өткізеді, белсенді ҮЕҰ ақшалай сертификаттарымен марапаттап, көрнекті қазақстандық музыканттар мен солистер концерт қояды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ.