Қуыршақ театрында қазақ труппасы ашылды

Қуыршақ театрында қазақ труппасы ашылды

Облыстық қуыршақ театрына Алматы қаласының «Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жас актерлері Нұрбек Рамазанов пен Айбек Иманмадин келді. Олар театрға жаңа қуат әкеліп қана қоймай, мемлекеттік тілде қойылымдар жасауға қатысады. Бұл қуыршақ театрында қазақ труппасын құру жолындағы маңызды қадам.

Мамандармен бірге жоғарыда аталған колледждің «Актерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі, оқытушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Үздік педагог» төсбелгісінің иегері Майса Омарбекқызы да келді.

Тәжірибелі ұстаз театрдың шығармашылық құрамымен қуыршақты қимылға келтіру бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді. Келген қонақтар Қостанай облысы мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратовпен кездесіп, Қостанай қаласының тарихи-мәдени орындарына экскурсияға қатысты.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жаңалықтармен бөлісу