Құтқарушылар жүргізушілерге көмек көрсетті

Құтқарушылар жүргізушілерге көмек көрсетті

Соңғы уақыттағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің жұмысы алдыңғы қатарға шықты.
Жақында Ақмола облысындағы жолда жүк пен тұрғындарды тасымалдайтын бірнеше көлік қар құрсауында қалды. Алайда, жергілікті атқарушы органдар мен Қостанай облысы ТЖД қызметкерлерінің үйлесімді күш-жігерінің арқасында бұл жағдай сәтті шешімін тапты.

Арқалық қаласының үш тұрғыны Астана қаласына дейін бір отар қойды тиеп алып шықпақ болған. Алайда, жолдың көрінбеуіне байланысты олар Жарқайың ауданы Жаңадала ауылының маңындағы жолда тоқтауға мәжбүр болған.
Қызметкерлер жедел әрекет етіп жолаушыларға қажетті көмек көрсетті. Жүргізушілерге жеңіл тағам мен малға азық жеткізілді.

Жаңалықтармен бөлісу