6 июня, 2025
Құтқарушылар автокөлікті қар құрсауынан шығарды

Құтқарушылар автокөлікті қар құрсауынан шығарды

Бүгін Қостанай ауданындағы «Қостанай-Мамлютка» автожолында құтқарушылар қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушыларына көмек көрсетті.

Оқиға туралы дабыл алған кезекші қызметтер жедел түрде оқиға орнына шықты.

Арнайы техниканың көмегімен автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне сүйретілді. Салонда үш адам болды, оларға медициналық көмек қажет болмады.