Дәл қазіргі уақытта Қостанай, Арқалық, Аманкелді және Жанкелдин аудандарында су басу қатерінен құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Облыстық ТЖД бастығы, полковник Қайрат Қасымның бізге берген мәліметіне қарағанда, 12 жеке тұрғын үй мен 20 аула аумағынан су толық көлемде сорылды (барлығы 6848 текше метр су сорылды). Оған 172 адам, 41 техника, 44 мотопомпа жұмылдырылған.
«Қостанай облысы ТЖД 54 адам, 15 техника, 17 мотопомпа жіберді. “Арқалық-Екідің” жергілікті маңызы бар автожолының 80-шақырымындағы Әбдіғаппар хан ауылынан 10 шақырым жерде қардың қарқынды еруіне және еріген су ағынының күшеюіне байланысты жол төсемі суға толып, ұзындығы 15 метрге дейін жетіп, ені шамамен 4 метр жайылған», – деді Қайрат Қасым.