Құрылыс қарқынды: Торғайда 12 тұрғын үй салынып жатыр Oplus_131072

Құрылыс қарқынды: Торғайда 12 тұрғын үй салынып жатыр

Жангелдин ауданының орталығында жаңа баспаналар бой көтеру үстінде. Олар әлеуметтік тұрғыдан осал топқа жататын тұрғындарға берілмек. Ауданға іссапармен барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов құрылыс барысымен танысты.

Торғай кентінде қазығы қағылған тұрғын үйлерді төрт жеке кәсіпкер салып жатыр. Әр баспана аумағы – 60 шаршы метр, екі пәтерден тұрады.Осы үйлерді сатып алу үшін облыстық Құрылыс басқармасына өңір бюджетінен 432 млн теңге бөлу жөнінде өтінім жолданған. Құрылыс жұмыстары аяқталысымен тұрмысы төмен отбасыларға табыс етіледі.blank

blank

blank
Жалпы, кейінгі үш жылда Жангелдин ауданында тұрғын үй құрылысы қанат жая түсті. Осы мерзім ішінде ауданы 5,4 мың шаршы метрден асатын 44 баспана немесе 59 пәтер пайдалануға берілген. Ал былтырдан бастап жеке инвестиция есебінен, 106 млн теңгеге үш үй бой көтеріпті. Енді олардың қатары таңы 12-ге көбейгелі отыр.

blank

«Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының негізгі бағыты. Мемлекет басшысы қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз екенін айтқан еді. Кейінгі 3,5 жылда облыста шамамен 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 18,4 мың отбасы өз жағдайын жақсартты. 3 жыл ішінде облыста 1,7 мың әлеуметтік пәтер сатып алынды, оның ішінде Жангелдин ауданына 4 пәтер тиесілі. Қазір салынып жатқан 12 пәтер де кезекте тұрған баспанаға мұқтаж азаматтардың басты мәселесін шешіп бергелі отыр», — деді өңір басшысы Құмар Ақсақалов.
blank
Оның айтуынша, биыл 17 қала-ауданда 1 218 пәтер сатып алынады. Оның ішінде ауылдарда 634 пәтер пайдаға асып, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы санатымен кезекте тұрғандарға беріледі. Бұл мақсатқа 24 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп отыр.

blankОсыдан соң облыс басшысы Торғай кентінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға назар салды. Екі жыл бұрын ашылған «Мерген» саябағына барып, таяуда орнатылған жаттығу алаңының, абаттандыру жұмыстарының жай-күйімен танысты.blank

blank

blank
Аудан басшысы Дінмұханбет Бидашевтің бағдарлама шеңберінде аудан көлемінде атқарылған жұмыстар жөніндегі есебін тыңдап, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беруді тапсырды.

blank

blank

Ж.Балғынбекұлы
Суреттерді түсірген — Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ